8-800-080-57-57 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегі   8-800-550-61-46 Ресей аумағында тегін қоңырау шалу

 

 

Қауіпсіздік

Пилотсыз авиация өзін  осы уақытта қауіпсіздік пен бақылауды  қамтамасыз ету ісінде жаңалық ретінде таныта білді. ПЖҰҚ  ТЖ комитетімен жоғалған адамдарды іздеу үшін  де, әскери құрылымдармен шекара аумақтарында бұзушыларды анықтау үшін де, жалпы әскери операцияларды сүйемелдеу және барлау жұмыстары үшін де қолданыла алады.

«РобоАвиа» Компаниясы азаматтық сектордағы қауіпсіздік бойынша мамандарға қолжетімді және тиімді өнім болып табылады. «Sapsan-3000» платформасының икемділігі  бірден бірнеше пайдалы жүктеме түрін  орнатып, тікелей эфирде бейнесін «жерге» 50 км дейінгі ара-қашықтығымен (пайдаланым шарттарына қарай) трансляциялауға мүмкіндік береді. Бұған қоса пилотсыз ұшатын құрылғының шу және көріну деңгейі төмен , бұл дегеніміз қауіпсіздік қызметтерінің жұмысын жеңілдете түседі.

Одан басқа, іздеу және патрульдеу операциялары үшін «Sapsan-3000»  ұшқышсыз  ұшатын құрылғысы басқарудың жартылай автоматтандырылған режимымен жабдықталып,  операторға ҰҰҚ   бағыт пен биіктігін қалаулы ауімақты анағұрлым үлкен дәлдікпен түзеуге мүмкіндік береді.

Бейнебақылау

«Sapsan-3000» ұшқышсыз қ ұшатын құрылғысы  күзету міндеттерін атқару үшін бекйнеқұрылғының бірнеше түрімен жабдықтала алады.

 Оның ең көп таралған түрі – 30-еселік ұлғайту, мүмкіндігі бар HD блок-камерасы, меншікті әзірлемеден шыққан үш арқаулы орналастырылған гиротұрақтандыру механизмы орнатылған түрі. Бұл механизм автоматты режимде алдын ала берілген параметрлерімен автоматты режимында жұмыс жасап, немесе жерден тікелей операторлармен басқарыла алады.

 ҰҰҚ  -ның осындай құрастырылыған түрі оны берілген аумақтың мониторингы, іздеу немесе бақылау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

Камераны екі арқаулы тұрақтандырылған платформаға орнатқан нұсқасын  қолдану мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда камера қатаң төмен қарап, немесе шамалы бұрышымен орнатылады да, оны жерден басқару мүмкіндігі болмайды. Бұл нұсқасыавтомагистральдар, темір жолдар немесе құбыр жолдары секілді  ұзаққа созылған желілердің мониторингы үшін жарамды.

Одан басқа, барлық жинақталған түрлерінде шолу бағдарлы камерасын орнатуға болады.

Жылу байқағыш бақылаулары

Жылуды байқағыш камераны орнату адамдарды, жануарларды немесе көлік құоралдарын тәуліктің кез-келген уақытында  іздеу және анықтау мүмкіндіктерін еселеп арттырады.

Осы мақсаттармен жылу аңғарғыш құралын ұшқышсыз ұшатын құрылғының бортында үш арқаулы аспалы гиротұрақтандырғышпен  орнату ұсынылады. Орнатудың осындай амалы операторға жылу аңғарғыш құралын платформада қатайтып тіркеумен салыстырғанда, аумақты бақылау бойынша айтарлықтай көп мүмкіндік ашады.

Іздеу және патрульдеу операцияларын жүргізу үшін «Sapsan-3000» басқарудың шала автоматты режимымен жасақталған, ол кезде оператор ҰҰҚ-ның курсы мен биіктігін қалулы аумақты едәуір дәлдікпен қарау үшін түзеуге мүмкіндігіне ие болады.

Шекараны торуылдау

Шекараларды  торыулдау  үшін жоғарыда аталған екі арқаулы тұрақтандырылған платформадағы камерасы бар борттың құрастырылған түрі анағұрлым жарамды. 500 метрден бастап одан жоғары биіктікті алғанда, ҰҰҚ толығымен жердегі бақылаушы үшін көрінбейтін болады, ал оператор шекара алды аумағының ауқымды үлкен аумағын шолып отыру мүмкіндігіне ие болады.

Егер Сізді едәуір үлкен дәлдікпен бақылау мәселесі қызықтырып отырса, үш арқаулы платформадағы  нұсқасын пайдалану тиімді